ЖОБА
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 «Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ШЕШТІМ:
- Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 «Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5074 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 796, 797 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін..
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі Е.Құсайын