Мәди, Тәттімбет, Н.Нұрмақов, Абай ауылдық округтерінде өткен есепті кездесу

ЕСЕПТІ ЖИЫНДАРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы нөмірі 826 Жарлығына сәйкес, жергілікті жерде әкімдердің есеп беру жиындары өтуде.

Бүгін осындай кездесулер Мәди, Тәттімбет, Н.Нұрмақов, Абай ауылдық округтерде өтті.

Жиын барысында аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, аталмыш округтердегі жұмыстар мен іс-шаралар тілге тиек етілді.

Тұрғындар өздерін толғандырған жеке, әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі сұрақ-сауалдарын жолдады.

Сұрақтардың ішінде елдімекендердегі электр желілерін жақсарту, интернет тарту, ауыз су, ветеринария, қысқа дайындық, жол қатынасы, абаттандыру, санитарлық тазалық және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі Ерлан Құсайын көтерілген сауалдар бойынша жауап беріп, маңызды мәселелер бойынша қолға алынатын жұмыстарды баяндады.

Есепті кездесу
Дата публикации
03 ноября 2022