«Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Қарағайлы мәдени- сауық орталығының директоры
бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды
Мекен – жайы: Қарқаралы қаласы, Құнанбай қажы көшесі, 35.
Байланыс телефондары: 31395, 31449. Электрондық пошта мекен – жайы karmadeniet@rambler.ru. Пошталық индекс: 100800.
Конкурс өткізу қағидалары Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығымен бекітілген.
Лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: «Өнер» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Басшының лауазымдық міндеттері:
-мәдени – демалыс ұйымдарының қызметіне басшылық етеді;
-шығармашылық, әдістемелік, мәдени – ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырады;
-байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаздар жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
-көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады;
-білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады;
-мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады;
-ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақталуын бақылайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны, Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы»; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»; «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын.
Лауазымдық айлықақы мөлшері:
|
Санаты |
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге) |
|
А1-4 |
Бастап 25 жылдан жоғары |
|
|
187 286 теңге 227 079 теңге |
КМҚК «Қарағайлы мәдени- сауық орталығы» директор, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, 20 квартал, құрылым 10. тел: 8/72146/45235. Пошталық индекс: 100800.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөр соғылады.
Осы қағидада көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің тәжірибесінің жинақталуы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Qarqaraly» газетінде) және аудан әкімдігінің ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде мына мекен – жайға тапсырылуы тиіс: Қарқаралы қаласы, Құнанбай қажы көшесі, 35. Пошталық индекс:100800. Электрондық пошта мекен – жайы karmadeniet@rambler.ru.
Конкурс екі кезеңде өтеді:
Кандидаттармен әңгімелесу «Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндік бар.
«Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ