ХАБАРЛАМА 2022 жылы 16 қазанда өткен Қарқаралы ауданының ауылдық округтер әкімдерін сайлауының нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА

2022 жылы 16 қазанда өткен Қарқаралы ауданының ауылдық округтер әкімдерін сайлауының нәтижелері туралы

2022 жылы 16 қазанда Қарқаралы ауданы бойынша Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдеріне сайлау өтті.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарқаралы ауданына қарасты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін анықтады:

Қарағайлы сайлау округі.

        Қарағайлы кенті әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 2271 сайлаушы енгізілді, оның 1482-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 4.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Акимбаев М.З. – 1205; Нурмаганбетов Д.У. – 170; Омирбекова Д.Г. – 107.

Қарағайлы кентінің сайланған әкімі Акимбаев Муратбек Зекенович,

1973 жылы туған, №17 ЖББМ, директор, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің тұрғыны. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

 

Бесоба сайлау округі.

        Бесоба ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 530 сайлаушы енгізілді, оның 410-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 0.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Абзалов А.С. – 24; Куанышбаев Е.С. – 350; Тусупов К.М. – 36.

Бесоба ауылдық округінің сайланған әкімі Куанышбаев Ержан Серикович,

1988 жылы туған, «Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, әкім. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

 

Қайнарбұлақ сайлау округі.

        Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 535 сайлаушы енгізілді, оның 393-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 2.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Есов Н.Ж. – 30; Тилемисов Ж.А. – 335; Төлеубек С.А. – 28.

Қайнарбұлақ ауылдық округінің сайланған әкімі Тилемисов Жоламан Алиевич, 1962 жылы туған, «Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, әкім. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Аппаз ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

 

Қырғыз сайлау округі.

        Қырғыз ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 961 сайлаушы енгізілді, оның 717-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 0.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Жумагулов Т.Т. – 598; Шарипова А.Ш. – 33; Шәріп Ш.Қ. – 86.

Қырғыз ауылдық округінің сайланған әкімі Жумагулов Таниберген Толеугазинович, 1968 жылы туған, «Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, бас маман. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
17 октября 2022