Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы
2022 жылдың 5 қазанда Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Р.Сатыбалдин «2022 жылдың 16 қазанға тағайындалған Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы» баяндама жасады.
Ол 2022 жылдың 5 қазан сағат 18: 00-ге дейін Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына ұсынылған _12_ кандидаттан Қарқаралы ауданының кент, ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде _12_ адамды тіркегенін айтты.
Тіркелген кандидаттардың арасында _10__ (83,3%) ер және _2_ (16,7%) әйел бар.
Мамандықтары бойынша: 7 – заңгер, 2 – экономист, 1 – мұғалім, 1 – инженер, 1 - агроном.
Кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _11_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __1_.
2022 жылдың 5 қазан сағат 18: 00-ден бастап Қарқаралы ауданының кент, ауылдық округтері әкімдеріне барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол ағымдағы жылдың 15 қазан сағат 00: 00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/2020 қаулысына сәйкес, ол қарастырылған үміткерге өзінің бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі үшін қаражат бөлуге: теледидарда - 15 минут; радиода - 10 минут; мерзімді басылымдардағы немесе интернет-басылымдардағы жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала. Барлық үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін заңмен бірдей жағдайлар жасалады.