Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

 

Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын анықтау туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.» көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар»; көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
20 июня 2022