Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қарқаралы ауданының әкімі
|
|
Е. Құсайын
|