«Қарқаралы» газеті
Қарқаралы ауданындағы жергілікті басылым «Қарқаралы» газетінің алғашқы саны 1931 жылы «Еңбек майданы» деген атаумен жарыққа шықты. Одан кейін «Коммунизм таңы» деп аталып, оқырманға жол тартты. 1991 жылы «Қарқаралы» деген атпен шыға бастады. 2012 жылы осыған дейін коммуналдық қазынашылық мекеме болып келген газет редакциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды.
Басылымның негізгі бағыты – аудан мен қаланың жаңалықтарын, ақпараттық-танымдық, саяси-әлеуметтік, әдеби, тарихи материалдарды жариялау.
Газет мемлекеттік тілде аптасына бір рет басылып шығады. 2022 жылғы екінші жартыжылдықта 2582 данамен таралуда.