Қарқаралы ауданының кент және ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсынылуы жөнінде ақпараттық хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-2 бабына сәйкес, 2022 жылғы 26 қыркүйек күніне Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 16 қазанға тағайындалған Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтері әкіміне кандидаттар ретінде 12 адамның құжаттары ұсынылды.
Кандидаттардың орташа жасы 40,8 жас, ең жас кандидат жасы 30 жас, кандидаттар арасындағы ең жоғары жас 60 жас.
Мамандықтары бойынша: 7 – заңгер, 2 – экономист, 1 – мұғалім, 1 – инженер, 1 - агроном.
Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _11_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері _1_.
Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы, тиісті органдар арқылы кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтайды.
2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған кент, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауының күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды үсыну мерзімі 2022 жылдың 17 қыркүйекте басталып 30 қыркүйекте жергілікті сағат 18.00 аяқталады.