ШЕШІМ № 7/1 2022 жылғы 16 қыркүйек Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

ШЕШІМ

№ 7/1  2022 жылғы 16 қыркүйек

Қарағанды облысының

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

 

Қарқаралы ауданының кент, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына және 22 бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті әкімін сайлау жөнінде – Қарағайлы кенті шекарасында Қарағайлы сайлау округі құрылсын:
  2. Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде - Бесоба ауылдық округінің шекарасында Бесоба сайлау округі құрылсын:
  3. Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде - Қайнарбұлақ ауылдық округінің шекарасында Қайнарбұлақ сайлау округі құрылсын:
  4. Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде - Қырғыз ауылдық округінің шекарасында Қырғыз сайлау округі құрылсын:
  5. Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының веб-сайтында және аудандық газетте сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, жариялансын.

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                             А.Р.Сатыбалдин

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       К.Н.Ахмадиев

 

Дата публикации
16 сентября 2022