ШЕШІМ № 7 2022 жылғы 16 қыркүйек Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

ШЕШІМ

№ 7  2022 жылғы 16 қыркүйек

Қарағанды облысының

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

 

Қарқаралы ауданы бойыншы Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1 тармағына, 113-1 бабының 3 тармағына, 113-3 бабының 5 тармағына және 113-5 бабының 14 тармағына  сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2022 жылдың 16 қазан күніне Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау тағайындалсын.

 

  1. 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ және Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі күнтізбелік іс-шаралар кестесі бекітілсін.
  • кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 17 қыркүйекте басталып 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 аяқталсын.
  • кандидаттарды тіркеу 2022 жылдың 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 аяқталсын.
  1. Осы шешім Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының веб-сайтында және аудандық газетте жариялансын.

 

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                             А.Р.Сатыбалдин

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       К.Н.Ахмадиев

Дата публикации
16 сентября 2022