«Барлау бағалау мақсатында тау-кен массасын алумен және топырақтың орнын ауыстырумен пайдалы қатты қазбаларды өндіру қатты пайдалы қазбалар ресурстарын» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

«Барлау бағалау мақсатында тау-кен массасын алумен және топырақтың орнын ауыстырумен пайдалы қатты қазбаларды өндіру қатты пайдалы қазбалар ресурстарын» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

 

Жиынтық кесте жасалған күні: 15.08.2022 г.                   

Жиынтық кесте жасалған орын: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау к-сі. 47, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 13.07.2022 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 13.07-15.08.2022 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту немесе ұсыныстар

Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер

 

«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы  әкімінің аппараты» ММ

Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

комитетінің" Қарағанды облысының

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті" РММ

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаты эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (бұдан әрі - тізбе) айқындалған.

Осыған байланысты, белгіленген қызмет туралы өтініштерде тізбедегі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге рұқсат беру құжатының қажеттілігін көрсету қажет.

Сондай-ақ, Кодекстің 46-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (бұдан әрі-нормативтік құжаттама жобалары) жүргізеді.

Өз кезегінде, нормативтік құжаттама жобаларының сараптамасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен айқындалған тәртіппен ұсынылатын мемлекеттік қызметтер шеңберінде жүргізіледі.

Сонымен бірге, көзделіп отырған қызмет туралы өтініштер жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттама жобаларына жатпайды.

Осылайша, заңнамада көзделген қызмет туралы өтініштерді келісу бойынша Департаметтің және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті көзделмеген.

 

 

 

«ҚР ЭГТРМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу  бассейндік инспекциясы» РММ

Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

 

«ҚР Экология, геология және табиғи

ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі комитетінің

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ

 

Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

 

«Геология және жер қойнауын пайдалану

комитетінің Орталық Қазақстан өңіраралық

департаменті» РММ

 

 

Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

 

Қарағанды облысы бойынша Экология Департаменті

1. ҚР Экологиялық кодексінің 320-бабы 2-1-тармақтарының талаптарын ескеру қажет, Қалдықтарды жинақтау орындары:

      1) қалдықтарды жинау (мамандандырылған ұйымдарға беру) немесе осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды өз бетінше әкету күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімге қалдықтарды түзілген жерінде уақытша жинап қоюға;

      2) пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, қауіпті емес қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды әкету күніне дейін үш айдан аспайтын мерзімге қауіпті емес қалдықтарды жинау процесінде уақытша жинап қоюға (контейнерлерде, қайта тиеу және сұрыптау станцияларында);

      3) қалдықтар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілгенге дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіде оларды уақытша жинап қоюға арналады.

      Пайдаланудан шыққан көлік құралдары және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін оларды жинау процесінде уақытша жинап қою мерзімі алты айдан аспауға тиіс;

 

 

                             

 

                              Басшы                                                                        Қ.Мұсапарбеков

 

 

 

Исп. Д.Жаутиков

 

«Барлау бағалау мақсатында тау-кен массасын алумен және топырақтың орнын ауыстырумен пайдалы қатты қазбаларды өндіру қатты пайдалы қазбалар ресурстарын» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Дата публикации
22 августа 2022