2022 жылдың 20 шілдеде Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылдың 31 шілдеге тағайындалған Қарқаралы ауданының Қаракөл, Темірші және Угар ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы» Қаулы қабылданды.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Р.Сатыбалдин Қарқаралы ауданының ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы баяндама жасады.
Ол 2022 жылдың 20 шілде сағат 18: 00-ге дейін Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына ұсынылған _10_ кандидаттан Қарқаралы ауданының ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде _9_ адамды тіркегенін айтты.
Тіркелген кандидаттардың арасында _6__ (66,6%) ер және _3_ (33,3%) әйел бар.
Мамандықтары бойынша: 5 – заңгер, 2 – экономист, 1 – мұғалім, 1 - саясаттанушы.
Кандидаттар арасында: коммерциялық құрылымның жұмыскерлері _1_, мемлекеттік қызметкерлер _6_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері _1_, уақытша жұмыссыз - _1_.
2022 жылдың 20 шілде сағат 18: 00-ден бастап Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол ағымдағы жылдың 30 шілде сағат 00: 00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/2020 қаулысына сәйкес, ол қарастырылған үміткерге өзінің бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі үшін қаражат бөлуге: теледидарда - 15 минут; радиода - 10 минут; мерзімді басылымдардағы немесе интернет-басылымдардағы жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала. Барлық үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін заңмен бірдей жағдайлар жасалады.