2022 жылы 15 шілдеде Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» Қаулы қабылданды.
Сайлау комиссиясының төрағасы А.Р.Сатыбалдин ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы баяндама жасады.
Ол жалпы алғанда, 2022 жылдың 2 шілде мен 15 шілде аралығында Қарқаралы ауданының Қаракөл, Темірші және Угар ауылдық округтері әкіміне 10 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан - __3__, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - __7__. Ұсынылған кандидаттардың арасында __6__ - ер адам, __4__ - әйел.
Кандидаттардың орташа жасы - __36,9__ жас. Ең жас үміткер - _28_ жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас - __57__ жас.
Мамандықтары бойынша: 5 – заңгер, 3 – экономист, 1 – мұғалім, 1 - саясаттанушы.
Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _7_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __2_, уақытша жұмыссыз - 1.
Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 20 шілде жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.