Қарқаралы ауданының ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсынылуы жөнінде ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-2 бабына сәйкес, 2022 жылғы 15 шілде күніне Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 31 шілдеге тағайындалған Қарқаралы ауданы Қаракөл, Темірші және Угар ауылдық округтері әкіміне кандидаттар ретінде 10 адамның құжаттары ұсынылды.

Кандидаттардың орташа жасы 36,9 жас, ең жас кандидат жасы 28 жас, кандидаттар арасындағы ең жоғары жас 57 жас.

Мамандықтары бойынша: 5 – заңгер,  3 – экономист, 1 – мұғалім, 1 - саясаттанушы.

Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _7_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __2_, уақытша жұмыссыз - 1.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы, тиісті органдар арқылы кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтайды.

2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауының күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды үсыну мерзімі 2022 жылдың 2 шілдеде басталып 15 шілдеде жергілікті сағат 18.00 аяқталады.

Дата публикации
15 июля 2022