2022-2024 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің азаматтық бюджеті

Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің  2022 ─ 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қаршығалы ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

      Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық ауылының 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы ХІІI сессиясының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №VII-14/113  шешімімен бекітілген.

      Қарқаралы  аудандық   мәслихатының  2022 жылғы 30 маусымдағы № VII-22/172 « Қарқаралы  аудандық   мәслихатының  2021 жылғы 24 желтоқсандағы ХIII сессиясының №VII-22/172 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің бюджеттері туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен қайта бекітілген.

Дата публикации
11 июля 2022