2022-2024 жылдарға арналған
«Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің азаматтық бюджеті
Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округінің 2022─ 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қасым Аманжолов ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық ауылының 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.
«Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы №VII-22/172 «Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы XIII cессиясының № VII-14/113 «Аудандық мәслихаттың XIII cессиясының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала,кент,ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімі.