Қарқаралы ауданы Нұркен Әбдіров ауылдық округінің 2022 ─ 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Нұркен Әбдіров ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Нұркен Әбдіров ауылдық ауылының 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.
«Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №7«Аудандық мәслихаттың XIII cессиясының 2021 жылғы
24 желтоқсандағы № VII-14/113«2022-2024 жылдарға арналған
аудандық маңызы бар қала, кент,ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімін іске асыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы