Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округінің 2022 ─ 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Бесоба ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Қарқаралы ауданының Бесоба ауылдық округінің 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық ауылының 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.
Қарқаралы аудандық мәслихатының 30 маусымдағы 2022 жылғы №VII-22/172 шешімімен «2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы XIII сессиясының № VII-14/113 шешіміне өзгерістер енгізу туралы