2022-2024 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің азаматтық бюджеті

Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің  2022 ─ 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Балқантау ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

 

      Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің 2022 ─ 2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық ауылының 2022 ─ 2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.

    Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы XIII сессиясының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №VII-14/113 шешімі.

Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № VII-17/138  «Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы XIII сессиясының № VII-14/113 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

Дата публикации
12 июля 2022