ШЕШІМ
№ 6/1 2022 жылғы 1 шілде
Қарағанды облысының
Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы
Қарқаралы ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына және 22 бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қарқаралы ауданы Қаракөл ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде - Қаракөл ауылдық округінің шекарасында Қаракөл сайлау округі құрылсын:
- Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде - Темірші ауылдық округінің шекарасында Темірші сайлау округі құрылсын:
- Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде - Угар ауылдық округінің шекарасында Угар сайлау округі құрылсын:
- Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының веб-сайтында және аудандық газетте сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, жариялансын.
Қарқаралы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Р.Сатыбалдин
Қарқаралы аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы К.Н.Ахмадиев