ШЕШІМ № 6 2022 жылғы 1 шілде Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

ШЕШІМ

№ 6  2022 жылғы 1 шілде

Қарағанды облысының

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

 

Қарқаралы ауданы бойыншы Қаракөл, Темірші және Угар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1 тармағына, 113-1 бабының 3 тармағына, 113-3 бабының 5 тармағына және 113-5 бабының 14 тармағына  сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2022 жылдың 31 шілде күніне Қарқаралы ауданы Қаракөл, Темірші және Угар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау тағайындалсын.

 

  1. 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Қарқаралы ауданы Қаракөл, Темірші және Угар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі күнтізбелік іс-шаралар кестесі бекітілсін.
  • кандидаттарды үсыну 2022 жылдың 2 шілдеде басталып 15 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 аяқталсын.
  • кандидаттарды тіркеу 2022 жылдың 20 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 аяқталсын.
  1. Осы шешім Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының веб-сайтында және аудандық газетте жариялансын.

 

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                               А.Р.Сатыбалдин

 

 

Қарқаралы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                              К.Н.Ахмадиев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 июля 2022