«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.10.2026 - 19.10.2026
Қабылдау 1 этап: 16.10.2026- 19.10.2026
Қабылдау 2 этап: 20.10.2026
Эссе: 21.10.2026
Сұхбат: 27.10.2026
Анықтама телефоны: 87025137739
E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 441254
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы, E-R-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бөлімнің жұмысына жалпы бақылау жүргізу. Түрлі құрылыс объектілерін салу жұмыстарын бақылау. Аудан бойынша құрылыс, қайтадан жабдықтау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша тапсырыс берушінің функциясын атқарады. Құрылыс жүргізілетін объектілердің учаскелерін белгілеу жөніндегі жерге орналастыру органдарымен жұмысты ұйымдастыру. Заңнамаларға сәйкес құрылыс, қайта жабдықтау жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге басшылық функциясын атқарады.
Бөлімге қатысты барлық келісім-шарттардың мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Атқарылған жұмыс және қызмет көлемі бойынша бюджет қаражатын №2 форма бойынша төлем жүргізеді. Бюджеттің сапалы игерілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі ҚР Заңының және «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығының талаптарын сақталуын бақылау.
Қаланың және ауданның эскиздік жобасын әзірлеу жұмыстарына басшылық жасау. Жер жөніндегі органдармен бірлесе отырып, құрылыс объектілеріне жер таңдау жұмыстарын ұйымдастыру. Өз құзыреті шеңберінде "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: сәулет және құрылыс
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.