Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №108 қаулысымен 2026 жылдың 8 қарашаға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.

Балқантау ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 1 қазанда басталып, 2026 жылдың 13 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Балқантау ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 7 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8(72146)31445

 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №108 қаулысы
Дата публикации
30 сентября 2026