Сайланған әкімдерді тіркеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйекте өткен сайлауда сайланған Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті, Бақты, Бесоба, Қайнарбұлақ, Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 14, 16 қыркүйектегі шешімдерінің негізінде:

 

 - Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің әкімі ретінде 1973 жылы туған, Қарағайлы кентінің әкімі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің тұрғыны Акимбаев Муратбек Зекенович тіркелді.

- Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкімі ретінде 1990 жылы туған, «Қарқаралы ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ-ің сектор меңгерушісі,  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны, Нурмаганбетов  Данияр  Урстемович тіркелді.

- Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округінің әкімі ретінде 1988 жылы туған, Бесоба ауылдық округінің әкімі,  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының тұрғыны, Куанышбаев  Ержан Серикович тіркелді.

- Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ретінде 1984 жылы туған, "Қазпошта" АҚ Қарқаралы ауданының пошта торабының басшысы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны, Кулькин Думан Жумагелдыевич тіркелді.

- Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің әкімі ретінде 1994 жылы туған, Балқантау ауылдық округінің әкімі,  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны, Қобланды Ерсайын Саянұлы тіркелді.

 

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 сентября 2026