Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қарғайлы кентінің, Бақты, Бесоба, Қайнарбұлақ, Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы
2026 жылғы 13 қыркүйектегі Қарқаралы ауданының Қарғайлы кентінің, Бақты, Бесоба, Қайнарбұлақ, Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Қарқаралы ауданының Қарғайлы кентінің, Бақты, Бесоба, Қайнарбұлақ, Қырғыз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қарағайлы кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 1995 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 972 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 1 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Акимбаев Муратбек Зекенович – 825 сайлаушы дауыс берді;
Какенова Сымбат Маратовна – 60 сайлаушы дауыс берді;
Толеубаев Максат Дюсенханулы – 68 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 16.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінің әкімі болып 1973 жылы туған, Қарағайлы кентінің әкімі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің тұрғыны Акимбаев Муратбек Зекенович сайланды.
Бақты ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 545 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 319 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 1 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Баймаканов Асхат Бейбитович – 53 сайлаушы дауыс берді;
Киясова Назира Муратовна – 22 сайлаушы дауыс берді;
Нурмаганбетов Данияр Урстемович – 243 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Бақты ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған, «Қарқаралы ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ-ің сектор меңгерушісі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны, Нурмаганбетов Данияр Урстемович сайланды.
Бесоба ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 532 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 297 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Аубакирова Асия Абилсейтовна – 19 сайлаушы дауыс берді;
Жумагельдин Ерлан Мугинович – 23 сайлаушы дауыс берді;
Куанышбаев Ержан Серикович – 251 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Бесоба ауылдық округінің әкімі болып 1988 жылы туған, Бесоба ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының тұрғыны, Куанышбаев Ержан Серикович сайланды.
Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 556 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 336 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 1 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Кулькин Думан Жумагелдыевич – 259 сайлаушы дауыс берді;
Мустафин Ардак Еркинович – 48 сайлаушы дауыс берді;
Шалданбаева Балжан Талгаткызы – 26 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі болып 1984 жылы туған, "Қазпошта" АҚ Қарқаралы ауданының пошта торабының басшысы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны, Кулькин Думан Жумагелдыевич сайланды.
Қырғыз ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 885 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 557 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 1 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Қапбас Еркін Қабылұлы – 36 сайлаушы дауыс берді;
Қобланды Ерсайын Саянұлы – 486 сайлаушы дауыс берді;
Муслимов Ардак Ермекович – 34 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінің әкімі болып 1994 жылы туған, Балқантау ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны, Қобланды Ерсайын Саянұлы сайланды.
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы