Қарқаралы ауданы бойынша жалпы 27 мобильдік топ құрылған. Оның ішінде: Қарқаралы қаласында 3 топ, қалған 24 топ кент және ауылдық округтерінде. Мобильдік топтардың рейдтарға шығу кестелері әзірленіп, кестеге сәйкес рейдтарға шығу ұйымдастырылған.
Сонымен қатар аудан әкімімен айлық жоспар бекітіліп, осы жоспарға сәйкес мобильдік топтармен тиісті рейдтер ұйымдастырылуда. Мобильдік топ мүшелерімен санитарлық нормаларын сақтау үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.