Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 мамырда өткен сайлауда сайланған Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 мамырдағы №46 шешімінің негізінде:
- Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округінің әкімі ретінде 1994 жылы туған, «Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-ің бас маманы, Қарқаралы ауданы, Татан ауылының тұрғыны Сембаев Сайран Алматұлы тіркелді.
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы