Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы
2026 жылғы 24 мамырда Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 433 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 351 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Аубакирова Асия Абилсеитовнаға – 23 сайлаушы дауыс берді;
Оразбаев Ергали Сериковичке – 27 сайлаушы дауыс берді;
Сембаев Сайран Алматұлына – 298 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округінің әкімі болып 1994 ж. туған, «Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-ің бас маманы, Қарқаралы ауданы, Татан ауылының тұрғыны Сембаев Сайран Алматұлы сайланды.
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы