Қарқаралы ауданында 40 мектеп, 28 мектеп жанындағы шағын орталықтар, 4 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда 40 мектепте 5664 оқушы білім алуда. Пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында аудан бойынша 8 мектеп(№1,№2,№4,№5,№16,№17,№43,№44 орта мектептер) қашықтықтан оқыса, 32 мектеп дәстүрлі түрде жұмыс жасады. Қашықтықтан оқитын 8 мектептегі оқушылар саны - 3081. Дәстүрлі түрде жұмыс жасайтын 32 мектептегі оқушылар саны -2583. Оқу жылының І тоқсанында қашықтықтан оқитын мектептерде 1-4 –сыныптардың оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша кезекші сыныптарға қабылданып, мектепте дәстүрлі түрде оқыды. Ашылған кезекші сыныптардың жалпы саны – 66. Кезекші сыныптарда оқитын оқушылардың саны – 895. Кезекші сыныптарды оқытқан мұғалімдер саны - 60. Кезекші сыныптар үшін төленетін жалақы есептеліп тұр. Ертең, яғни, 5 қазан күні ақша аударылады.