Қарқаралы ауданында «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары» аудан әкімдігінің 2020 жылдың 3 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес ауданда бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілді дамытуға 2020 жылы 1071,0 теңге қаржы қарастырылды. Ағылшын тілін оқыту курсына 671,0 мың теңге бөлініп, 40 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін оқыту басталды. Қурс қашықтықтан оқыту арқылы ұйымдастырылуда.
Мемлекеттік тілді дамыту шараларына 295 мың теңге қарастырылып, жоспарға сәйкес аудандық байқау және де басқа да шаралар ұйымдастырылды. Әлеуметтік тапсырыс аясындағы іс – шараларға 105 мың теңге қаржы қарастырылды.
Жылда дәстүрлі түрде аудандық «Шәкәрім оқулары», «Абай оқулары», «Қасым оқулары», «Тіл білу - өнер», «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» байқаулары ұйымдастырылады.
Көрнекі ақпарат пен жарнамалардың ахуалын саралау мақсатында жылына төрт рет «Көрнекті ақпарат және жарнамаға сауаттылық» атты айлық ұйымдастырылады.
Аудан жұртшылығының рухани жаршысы саналатын аудандық «Қарқаралы» газеті аудан көлемінде тіл саясатына қатысты ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығымен аудан халқын таныстырып отырады.
Қарқаралы ауданында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жұмыстарының жоспары бойынша шаралар жүргізілуде. Латын алфавитіне көшуді түсіндіру, латын графикасында сауатты жазуға дағдыландыру бойынша zoom платформасымен семинарлар өткізіліп, аудан бойынша елді-мекендер қамтылуда.