Ауданда Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын жүзеге асыру бағытында дене шынықтыру және спорт шұғылданушылар санын арттыру, спорт резервтерін даярлауда, Қазақстандық патриотизм, салауатты өмір салтын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және насихаттау мақсатында, спорттық – бұқаралық іс – шаралар өткізу, облыстық, Республикалық жарыстарға қатысу жөнінде жұмыстар атқарылуда.
2015-2020 жылдардағы дамытыу бағдарламасының мақсатты дамыту индикаторына 2019 жылы халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі енгізілген болатын. 2019 жылдың индикатор бойынша аудан халықыңың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 63,9% құраса, 2020 жылы 81,1% жоспарланып отыр.
Аудан бойынша дене тәрбиесі және спортпен айналысатындар саны 2019 жылы – 11125 адамды (30,9%) құраса 2020 жылғы жоспар (31,1%).
Спорт нәтижелерін жоғары деңгейде көрсету үшін және сабақтан тыс уақытта балалардың қызығушылығына байланысты қатысуы үшін Қарқаралы қаласында балалар жасөспірімдер спорт мектебі және оның 10 филиалы (Қ.Аманжолов, Балқантау, Татан, Нүркен, Көктас, Жамбыл, Ақжол, Қоянды ауылдарында, Егіндібұлақ селосы мен Қарағайлы кентінде) спорттың 12 түрі бойынша: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, стол теннисі, волейбол, кикбоксинг, бокс, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика, көкпар секциялары жұмыс істейді. Барлығы 103 топ, онда 26 – жаттықтырушы жұмыс атқарады, оның ішінде: жоғары білімдісі – 22, орта арнаулы білімді–4. Қарқаралы ауданының балалар және жасөспірімдер орталығының жанында «Жас түлектер» аула клубы жұмыс жасайды. Оның ішінде 4 үйірмеде спорттың 4 түрінен: бокс, шахмат, баскетбол, асық атудан балығы 145 бала қатысады. Онда 4 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жас туристер станциясында спорттық туризм үйірмесіне 32 оқушы қатысады. Сонымен бірге ауданда ауылшаруашылық және агротехникалық колледждерінде 236 студент білім алуда, студенттердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында волейбол, стол теннисі, футбол спорт түрлерінен үйірмелер, жұмыс істейді. Осы үйірмелерге барлығы 95 студент қатысады.
Жалпы білім беретін мектептерде спорттың 10 түрі бойынша (волейбол, баскетбол, стол теннисі, жеңіл атлетика, шаңғы жарыстары, қазақ күресі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол) 83 спорт секциялары жұмыс жасап, оған 2750 оқушы қатысады.
Аудан бойынша мектеп оқушыларының жалпы саны 5523 бала болса, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатыны 2019 жылы 1118 бала (20,2%) 2020 жылы 1125 тәрбиеленуде.
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қысқы және жазғы спорт түрлерінен аудан бойынша тест сынамаларын тапсыру жылына 3 кезең бойынша өткізіліеді. Ақпан-Наурыз айларында қысқы спорт түрлерінен сәуір- мамыр, тамыз-қыркүйек айларында жазғы спорт түрлерінен сынақ тапсырады. 2019 жылы қысқы спорт түрінен 7050 адам тапсырып 19,5% құрады. Ал 2019 жылы аудан бойынша жазғы спорт түрінен 10470 адам сынақ тапсырып 29,1% құрап отыр.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2019 жылы Қарқаралы ауданы бойынша 13 жасөспірімдерге спорттық разряды берілсе, 2 жаттықтырушыға екінші жоғарғы дәрежедегі спортшы санаты тағайындалды. 2020 жылдың 8 айында 1 жасөспірімдік спорттық разряды берілсе 3 жаттықтырушыға екінші жоғарғы дәрежедегі спортшы санаты тағайындалды. Халықтың спорт инфрақұрлымымен қамтамасыз ету мақсатында спорттық алаңдар салынуда. 2019 жылы аудан бойынша жергілікті бюджет есебінен Бақты ауылына 80 көрермен орындығы бар ашық футбол ойын алаңы мен жанына балалар ойын алаңы ашық тренажер орнатылса, Ақжол, Жанатоған ауылдарына жасанды футбол ойын алаңдары қала басына бір ашық спорттық тренажер алаңы орнатылды. Жергілікті тұрғындардың демеушілігімен, Томар ауылына футбол ойын алаңы, Н.Әбдіров ауылына ашық спорттық тренажер алаңы салынды. Теректі ауылына ТОО Алтайполиметеллдың демеушілігімен көпсалалы хоккей корты орнатылды. 2020 жылы Қ.Аманжолов, Көктас, Тегісшілдік елді мекендеріне жасанды футбол ойын алаңдарын орнату жоспарланған. Жергілікті тұрғындардың демеушілігімен Егіндібұлақ елді мекеніне футбол ойын алаңы орнатылды.
2019 жылы Қарқаралы қаласының орталық стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарқаралы ауданының спорт мектебінің спорт залын үстел теннисі орталығы ойнайтын зал ашу үшін 2020 жылдың мамыр айынан маусым айына дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы Қарқаралы қаласындағы дене шынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Егіндібұлақ ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешенін салғызу бойынша сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізлуде. Жыл сайын 3 ауылды елді мекенге жасанды футбол ойын алаңдарын салғызу жоспарланған. Жастар арасындағы спорттық жетістіктерімізде айтарлықтай. Біздің ауданның жастарының ішінен кейінгі жылдары 1 – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 60 – Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 28 – І дәрежелі спортшы шықты.
