Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2019 жылы жұмыспен қамту және әле­уметтік қорғау саласының негізгі мінжеті экономиканың барлық саласында жаңа жұ­мыс орындарын ашу, азаматтарды нәтижелі еңбекке тарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болды.

2019 жылдың қорытындысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған «Еңбек» мемлекеттік Бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен  2507 адам қамтылды, немесе жылдық жоспардан 137% (жылдық - 1827 адам). Атап айтсақ: несиелендіру бойынша жылдық жоспар: 114 адамға 417,0 млн. тг. несие беру. Есепті мерзімге 234 адам 861 746 мың тг. несие алып отыр (немесе орындалысы 205%); Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша жылдық жоспар 110 адам, орындалысы 155 адам, немесе 141%;   жастар практикасы бойынша: жылдық жоспар 44 адам. Есепті мерзімге 50 жас түлек жолданды, орындалысы - 114%; әлеуметтік жұмыс орындарына қаңтар айынан бастап 37 адам жолданды (жоспар 25 адам, орындалысы 148%); ақылы қоғамдық жұмыстарға қаңтар айынан бастап 398 адам жолданды (жылдық жоспар 365 адам, орындалысы 109%); қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жыл ішінде 83 адам жолданып, жоспар 82% орындалды (жылдық жоспар - 101 адам); Есепті мерзім ішінде бос жұмыс орындарына 1153 адам жұмыспен қамтылып, жылдық жоспар 117% орындалып отыр (жылдық жоспар - 987 адам).

2020 жылдың 6 айдың қорытындысымен бағдарламаның бағыттарын жүзеге асыру барысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 579 адам қамтылып отыр.

- Несиелендіру бойынша жылдық жоспар: 129 адамға 486,4 млн. тг. несие беру. Бүгінгі күнге 45 адам 168,8 млн.тг. несие алып отыр (немесе орындалысы 35 %); Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша жылдық жоспар 40 адам орындалысы 20 адам немесе 50%, оның ішінде 13 адам атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылғандар есебінен; жастар практикасы бойынша жоспар 23 адам жыл басынан 6 жас түлек жолданды  (орындалысы 26 %); әлеуметтік жұмыс орындарына қаңтар айынан бастап 8 адам жолданды (жоспар 25 адам, орындалысы 32%); ақылы қоғамдық жұмыстарға қаңтар айынан бастап 251 адам жолданды (жылдық жоспар 405 адам, орындалысы 62 %). Есепті мерзім ішінде бос жұмыс орындарына 164 адам жұмыспен қамтылып, 16,6 % орындалып отыр (жылдық жоспар - 987 адам). Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы 85 адам уақытша жұмыспен қамтылып отыр, жылдық жоспар 126 адам (орындалысы 67,5 %).

Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алуға 160 отбасынан немесе 854 адамнан өтініш түсті, оларға жалпы сомасы 32404,9 мың теңге көлемінде арнаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына арнаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 24 адам тартылды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК жаңа жүйемен төленеді. Мұнда жұмысқа қабілетті мүшелері жұмыстан бас тартқан отбасыларға АӘК төленбейді, сонымен қа­тар, балаларға арналған АӘК-тің бекітілген төлемдері алынып тасталды. Оның орнына аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет (азық-түлік жинағы және тұрмыстық химия тау­арлары, тегін тамақ пен мектеп формасы, жол жүру жеңілдіктері) ұсынылады.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде аз қамтылған отбасыларды қиын жағдайдан алып шығып, оларды жұмыспен қамту, мемлекет қамқорлығына алу күтілуде.

2020 жылы үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 7 балаға 223,8 мың тең­генің материалдық көмегі көрсетілді. 13 отбасыға 407,5 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды.

Арнайы әлеуметтік жәрдемақы алатын 2 жалғызбасты мүгедек пен зейнеткерге 60,6 мың теңге көлемінде өтемақы төленді.

Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қолдау жергілікті атқарушы биліктің басты назарында бола береді. 189 адамға 69,8 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 45 %-ға көп. 2020 жылы 138 адамға 6965,0 мың теңге төленді.

Мүгедектерді қолдау және оңалтуға ерекше көңіл бөлінді. Сурдо-тифлотехникалық құралдар 2019 жылы 85, 2020 жылы 55 берілді. 3 адам мүгедек арбасын алды, санитарлық-курорттық емдеуге 109 адамға жолдама берілді. 2020 жылдың 1 жарты жылдығында 30 адамға жолдама берілді.

Мүмкіндігі шектеулі 31 бала мен 145 жалғызбасты зейнеткер мен 47 мүгедекке үйінде қызмет көрсету ұйымдастырылды.

Документы
Хабарландыру
02 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
Баспасөз-хабарлама
01 апреля 2026
«Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 «Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарқаралы аудандық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Ақпарат
14 января 2026
Тұрғын үй көмегін тағайындау
Новости
Полезные материалы
Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік көмекті қалай аламыз?
Атаулы әлеуметтік көмек
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаның 01.09.2020 жылға орындалысы туралы
Медиагалерея
1
Үздік еңбек әулеті
События
21 декабря
"Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" тақырыбы бойынша тікелей эфир
20 января
Тұрғын үй көмегін тағайындау, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу жайында тікелей эфир
01 февраля
2021 жылға арналған жұмыспен қамту жоспары туралы тікелей эфир
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы