1973 жылғы 19 сәуірде Қарқаралы қаласында (Қарқаралы ауданы) дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
Ақмола аграрлық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша (2001 ж), Қарағанды экономикалық университетін (Қазтұтынуодағы) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2020 ж) тәмамдаған.
1992-1993 жж. - Қарқаралы қаласындағы № 1012 жылжымалы механикаландырылған колонна ұяшығында жұмысшы.
1993-1995 жж. - Қарқаралы АТП-да күзетші.
1995-1996 жж. - Қарқаралы көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының құрылысшысы.
1997-1998 жж. - «Қарқаралы мұнай өнімдері» жүргізушісі.
2000-2001 жж. - «Қарағанды отын-энергетика компаниясының» бақылаушысы.
2000-2001 жж. - «Орталық ветеринарлық зертхана» Қарағанды филиалының ветеринарлық дәрігер-радиологы.
2002-2005 жж. - «Орталық ветеринарлық зертхана» Қарағанды филиалының жануарлар ауруларын диагностикалау бөлімінің жетекші маманы.
2005-2009 жж. - Қарағанды қаласындағы «Подворье-Х» ветеринарлық бөлімінің бастығы.
2009-2010 жж. - Қарағанды қаласындағы ветеринарлық емдеу-алдын алу іс-шаралары бойынша жеке кәсіпкер.
2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекциясы комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» Қарағанды филиалының бас маман-ветеринар дәрігері.
2011-2012 жж. - Қарағанды қаласындағы ветеринарлық емдеу-алдын алу іс-шаралары бойынша жеке кәсіпкер.
2012-2015 жж. - «Абай аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК директорының міндетін атқарушы.
2015-2018 жж. - «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» басшысының орынбасары.
2018 - 2023 жж. - Абай ауданы әкімінің орынбасары.
2023 - 2025 жж. – Қарағанды облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы.
08.04.2025-07.07.2026 жылдары Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары.
07.07.2026 жылдан бастап Қарқаралы ауданының әкімі.