GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәдениет
14 октября 2026
Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күніне орай Жаңатоған ауылымызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында ауданнан арнайы келген «Қайран жастық» ансамблі әсем әндерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды. 🎶

Сондай-ақ, шаруа қожалықтарының демеушілігімен 70 жастан асқан ардақты қарттарымызға сыйлықтар табысталды. 🎁

Қарияларымызға құрмет көрсету — ұрпақ парызы, үлкенге ізет білдіру — халқымыздың асыл дәстүрі. Барша қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! ❤️

Іс-шараның өтуіне үлес қосқан «Қайран жастық» ансамбліне және демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарына шынайы алғысымызды білдіреміз!

Білім беру
14 октября 2026
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.

Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.

Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.

ТКШ
02 октября 2026
Күзгі абаттандыру жұмыстары

Жаңатоған ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық округ әкімдігі аппаратының, мәдениет мекемесінің және ФАП қызметкерлері мекеме ғимараттарының аумағын және оған іргелес жерлерді тазалауға белсенді қатысты. Жұмыс барысында аумақтар қоқыс пен қураған жапырақтардан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.

Ауыл шаруашылығы
02 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Мәдениет
04 сентября 2026
Туған жерге арналған промо-роликтер байқауы


Тілдер мерекесіне орай Қарқаралы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қарқаралы құшағында: өз өлкеңді таныт» атты промо-ролик байқауының іс-шарасы өтті.
Руханияттың алтын бесігі саналатын кітапханада өткен мерекелік шараға ауданымыздың ауылдарынан 30-ға жуық оқушы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жас жеткіншектердің туған жерінің табиғатын, тарихын, мәдениеті мен көрікті жерлерін таныстыратын бейнероликтер түсіріп, оларды әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттау.
Мерекелік шараға қолдау білдірген Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстады.
Шара барысында оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арқау еткен бейнероликтерін бірге тамашалап, олардың шығармашылық жұмыстарына жоғары бағамызды бердік.
Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өлкеміздің тарихы мен табиғи байлығын насихаттауға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Спорт
27 июля 2026
Қарқаралыда Bugyly Trail 2026 марафоны өтті

Қарқаралы өңірінде дәстүрлі Bugyly Trail 2026 марафоны өтіп, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушыларды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ринат Тілеубек құттықтап, сәттілік тіледі.

Табиғаты көркем аймақта өткен марафон салауатты өмір салтын насихаттап, Қарқаралының туристік әлеуетін танытуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың біріне айналды.

Биылғы жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Канада, Германия және Қырғызстаннан келген 400-ден астам спортшы қатысты.

Қатысушылар 1 км балалар жарысы, 5 км, 10 км Shaitankol Trail, 21 км Bugyly Forest Trail және 50 км Bugyly Ultra Trail бағыттары бойынша бақ сынады. Ең ұзын 50 шақырымдық қашықтық Бугылы жотасының көрікті жерлерін қамтып, биіктік айырмасы шамамен 1000 метр болатын күрделі бағыт ретінде ерекшеленді.

Мәдениет
Спорт
27 июля 2026
Құрметті ағайын!

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз.

Өтетін күні: 2026 жылғы 1 тамыз
Өтетін орны: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «ҚАРҚАРАЛЫ GO» этно-лагері.

Бағдарламада облыстық өнер ұжымдарының концерті, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ат бәйгелері және мерекелік кеш өтеді.

Спорттық жарыстар (09:00):

* Қазақ күресі (74 кг және +74 кг);
* Қол күресі (70 кг және +70 кг);
* Садақ ату (ерлер мен әйелдер).

Ат жарыстары (15:00): «Жаңанегіз» ауылы атшабарында Құнан, Топ және Аламан бәйге.

Жеңімпаздарға автокөлік пен қомақты ақшалай жүлделер тағайындалған.

Мерекелік кеште Әділет Жауғашар және өзге де эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Баршаңызды ел мақтанышы Тоқтар Әубәкіровтің мерейтойын бірге атап өтуге шақырамыз!

Спорт
20 июля 2026
САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті.

Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі.

Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!

Спорт
30 июня 2026
МАДИНА – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында жерлесіміз Ержан Мадина барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

Дүбірлі додаға 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысты.

80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мадина жоғары шеберлігі мен ұтымды тактикасының арқасында барлық белдесуін сәтті өткізіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша ол самбодан үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Жерлесіміз Ержан Мадинаны айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы биік, жеңістері мол болсын!

Мәдениет
30 июня 2026
МЕЙІРХАН АДАМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Қазақ мәдениеті мен өнерінің ту тіккен ордасы – киелі Қарқаралыда қасиетті жеріміздің парасатты перзенті, саф алтынның сынығы, өнердің өрен жүйрігі, Арқаның қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – Мейірхан Адамбековтің шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, елін, жерін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу.

Байқауға халық әндері мен халық композиторлары Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Жүсіпбек Елебеков, сондай-ақ Абай әндерін ұлттық нақышпен орындауға қабілетті 16-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

Жүлде қоры:
Бас жүлде – 1 000 000 теңге;
І орын – 500 000 теңге;
ІІ орын – 300 000 теңге;
ІІІ орын – 200 000 теңге;
Дипломант – 100 000 теңге.

Өтетін орны: Қарқаралы қаласы, Ш. Жандарбекова атындағы мәдениет үйі.

Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде.

Басталу уақыты: сағат 10:00.

Дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, өнер атты алып мұхитқа өз ән-ағысын қосып, «Мейірханның ән мектебін» қалыптастырған, талай ұрпаққа үлгі-өнеге болған ел ардақтысының туған күні – 1 шілдеде Қарқаралыда жүздесейік!

Қосымша ақпарат:
Тел.: 8 778 720 63 13
E-mail: [zhandarbekova.kdc@mail.ru](mailto:zhandarbekova.kdc@mail.ru)

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы