
Жаңатоған ауылдық округі нің жалпы жер көлемі 175 507 га, шаруашылық құрылымдарының жері 123 519 га. Мемлекеттік резерв жерлер - 14 000 га. Қазір 49 шаруа қожалығы бар. басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Округте 2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі қара малдың саны 3038 бас, жылқы 4170 бас, ҰММ 6542 бас.
"Ауыл аманаты"бағдарламасы бойынша 2023 жылы 10 жеке кәсіп ашылды. 2023 жылы округке 123 млн 530 мың теңге инвестиция тартылды. 220 гектарға "Жаңатоған" шаруа қожалығы егін септі.