GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Мәдениет және тілдерді дамыту
20 октября 2026
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС салған жаңа екі қабатты кешенде спорт залы, әкімшілік бөлме және душ кабиналары қарастырылған. Нысан ауыл тұрғындары мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

04 сентября 2026
Туған жерге арналған промо-роликтер байқауы

Тілдер мерекесіне орай Қарқаралы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қарқаралы құшағында: өз өлкеңді таныт» атты промо-ролик байқауының іс-шарасы өтті.
Руханияттың алтын бесігі саналатын кітапханада өткен мерекелік шараға ауданымыздың ауылдарынан 30-ға жуық оқушы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жас жеткіншектердің туған жерінің табиғатын, тарихын, мәдениеті мен көрікті жерлерін таныстыратын бейнероликтер түсіріп, оларды әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттау.
Мерекелік шараға қолдау білдірген Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстады.
Шара барысында оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арқау еткен бейнероликтерін бірге тамашалап, олардың шығармашылық жұмыстарына жоғары бағамызды бердік.
Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өлкеміздің тарихы мен табиғи байлығын насихаттауға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

12 августа 2026
«АЛТЫН ДОМБЫРА» – ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ӨНЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Абай күніне орай Тегісшілдік ауылдық округінде VIII аудандық «Алтын домбыра» дәстүрлі әндер байқауы өтті.
Байқауға ауданның әр ауылдық округінен өнерпаздар қатысып, ұлттық ән өнерін кеңінен насихаттады.
18 жасқа дейінгі қатысушылар арасында І орынды Қарқаралы қаласының жас өнерпазы Төлеуғали Инабат иеленді.
ІІ орындарға Сабыржан Аружан мен Атымтай Жансұлтан лайық деп танылды.
18 жастан жоғары қатысушылар арасында І орынды Әмірбек Аружан жеңіп алды.
ІІ орын Омаров Расулға, ІІІ орын Таңатов Исламға берілді.
Нұрғанбек және Нұрғиса өнерпаздары «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
Байқаудың ерекшелігі – жеңімпаздың елді мекені келесі жылғы сайысты өткізу құрметіне ие болады.
Осылайша, IX ауд…

05 августа 2026
Ынталы ауылының ауыз су жүйесінің мұнарасын ауыстыру жұмыстары басталуда
26 мая 2026
“BAIQYMYZ” аймақаралық гастрономиялық фестивалі

Қарқаралыда өтетін “BaiQymyz” гастрофестивалі — қазақ даласының дәстүрін, ұлттық дәмін және мәдениетін тоғыстыратын ерекше шара.
Фестиваль барысында шеберлер жылқы тақырыбына арналған туындыларын ұсынады. Бұл — дала мәдениетінің, еркіндік пен тектіліктің символы.
Сондай-ақ көрмеде көшпелі халықтардың тарихы, салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктері өнер және қолөнер арқылы насихатталады.
Мереке аясында өнер ұжымдарының қатысуымен қазақтың дәстүрлі және эстрадалық әндері орындалады.
Баршаңызды ұлттық рухты дәріптейтін мазмұнды мерекеге шақырамыз!

31 марта 2026
АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық ардагерлер ұйымының ХІІІ конференциясы өтті.
Конференцияға аудан басшылары, ауылдық округ әкімдері, округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары, дербес бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің 2021-2025 жылдарда атқарған жұмысы бойынша есепті баяндама жасады.
Баяндама бойынша бірқатар ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары жарыссөзге қатысып, пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, бірінші ұйымдастыру пленумы өтіп, Аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Темірғалиев Несіпхан Жақанұлы бір ауыздан сайланды.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы ұзақ жыл аудандық ардагерлер ұйымын басқарған мемлекеттік қызмет ардагері Ойрат Ыбырайымханұлына көпшілік қауым алдында қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп,сый-құрмет көрсетті.
Пленумда өзге де ұйымдастыру жұмыстары қаралып, тиісті қаулылар алынды.

30 марта 2026
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ – ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қарағанды қаласында білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадада Қарқаралы ауданының ұстаздар командасы жоғары нәтиже көрсетті. Команда бес асықтан бірінші орынды иеленіп, асық ату мен ерлер волейболынан екінші орын алды. Шағын футбол және қыздар волейболынан үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар үстел теннисінен төртінші, шахмат пен тоғызқұмалақтан бесінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының құрама командасы жалпы есепте жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

16 февраля 2026
Су тасқынының алдын алу мақсатында Ынталы ауылының жолдарындағы суағарлар қардан тазарту жұмыстары жүргізілді
16 февраля 2026
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні мерекесіне орай ауған соғысының ардагері, қызыл жұлдыз орденінің иегері Д.С. Коржинкуловты Ынталы ауылдық округінің әкімі аппаратының ұжымы құттықтады.
20 января 2026
ҚАРҚАРАЛЫДА «ROBOLAND – 2026» АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Қарқаралы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә. Ермеков атындағы мектепте «ROBOLAND – 2026» XI Халықаралық фестиваль-байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Аталған шараға Қарқаралы ауданының білім беру ұйымдарынан, атап айтқанда Қарқаралы ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының, Қарқаралы қаласының академик О. Жәутіков атындағы №1 орта мектептің, Мәди Бапиұлы атындағы №44 орта мектептің, сондай-ақ Ынталы ауылының №3, Тегісшілдік ауылының №6, Нүркен ауылының №10, Талды ауылының №19, Айнабұлақ ауылының №31 және Қоянды ауылының №35 орта мектептерінен 10–14 жас аралығындағы оқушылардан құралған командалар қатысты.
Аудандық іріктеу кезеңі «Садақ ату», «Кегльринг квадро», «Лабиринт», «Мини-футбол (басқарылатын роботтар)», «Полоса препятствий» бағыттары бойынша өткізілді.
Жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
• I орынды – Қарқаралы ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының құрама командасы;
• II орынды – Қарқаралы қаласының №1 академик О. Жәутіков атындағы мектептің құрама командасы;
• III орынды – Жарлы ауылының №10 Нүркен Әбдіров атындағы мектептің құрама командасы иеленді.
Жүлделі орын алған командалар «ROBOLAND – 2026» фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы