GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
20 октября 2026
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС салған жаңа екі қабатты кешенде спорт залы, әкімшілік бөлме және душ кабиналары қарастырылған. Нысан ауыл тұрғындары мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

13 октября 2026
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.

Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.

Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.

Ауыл шаруашылығы
02 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты

Мәдениет
12 августа 2026
«АЛТЫН ДОМБЫРА» – ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ӨНЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Абай күніне орай Тегісшілдік ауылдық округінде VIII аудандық «Алтын домбыра» дәстүрлі әндер байқауы өтті. Байқауға ауданның әр ауылдық округінен өнерпаздар қатысып, ұлттық ән өнерін кеңінен насихаттады. 18 жасқа дейінгі қатысушылар арасында І орынды Қарқаралы қаласының жас өнерпазы Төлеуғали Инабат иеленді. ІІ орындарға Сабыржан Аружан мен Атымтай Жансұлтан лайық деп танылды. 18 жастан жоғары қатысушылар арасында І орынды Әмірбек Аружан жеңіп алды. ІІ орын Омаров Расулға, ІІІ орын Таңатов Исламға берілді. Нұрғанбек және Нұрғиса өнерпаздары «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Байқаудың ерекшелігі – жеңімпаздың елді мекені келесі жылғы сайысты өткізу құрметіне ие болады. Осылайша, IX аудандық «Алтын домбыра» байқауы келесі жылы Қарқаралы қаласында өтетін болды. «Алтын домбыра» – дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, жас таланттарға үлкен сахнаға жол ашатын маңызды мәдени жоба.

 
Мәдениет
27 июля 2026
Қарқаралыда Bugyly Trail 2026 марафоны өтті

Қарқаралы өңірінде дәстүрлі Bugyly Trail 2026 марафоны өтіп, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ринат Тілеубек құттықтап, сәттілік тіледі. Табиғаты көркем аймақта өткен марафон салауатты өмір салтын насихаттап, Қарқаралының туристік әлеуетін танытуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың біріне айналды. Биылғы жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Канада, Германия және Қырғызстаннан келген 400-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар 1 км балалар жарысы, 5 км, 10 км Shaitankol Trail, 21 км Bugyly Forest Trail және 50 км Bugyly Ultra Trail бағыттары бойынша бақ сынады. Ең ұзын 50 шақырымдық қашықтық Бугылы жотасының көрікті жерлерін қамтып, биіктік айырмасы шамамен 1000 метр болатын күрделі бағыт ретінде ерекшеленд

 
Білім
28 апреля 2026
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы

Қарқаралы қаласының Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет орталығында «БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру. Форумға 4 жоғары оқу орны мен 4 колледж қатысты. Атап айтқанда: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, сондай-ақ Қарқаралы қаласының М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі және Қарағанды теміржол колледжі. Форумға ауданның білім беру ұйымдарынан 9–11 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

31 марта 2026
АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық ардагерлер ұйымының ХІІІ конференциясы өтті. Конференцияға аудан басшылары, ауылдық округ әкімдері, округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары, дербес бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің 2021-2025 жылдарда атқарған жұмысы бойынша есепті баяндама жасады. Баяндама бойынша бірқатар ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары жарыссөзге қатысып, пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, бірінші ұйымдастыру пленумы өтіп, Аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Темірғалиев Несіпхан Жақанұлы бір ауыздан сайланды. Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы ұзақ жыл аудандық ардагерлер ұйымын басқарған мемлекеттік қызмет ардагері Ойрат Ыбырайымханұлына көпшілік қауым алдында қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп,сый-құрмет көрсетті. Пленумда өзге де ұйымдастыру жұмыстары қаралып, тиісті қаулылар алынды.

31 марта 2026
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ – ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қарағанды қаласында білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадада Қарқаралы ауданының ұстаздар командасы жоғары нәтиже көрсетті. Команда бес асықтан бірінші орынды иеленіп, асық ату мен ерлер волейболынан екінші орын алды. Шағын футбол және қыздар волейболынан үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар үстел теннисінен төртінші, шахмат пен тоғызқұмалақтан бесінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының құрама командасы жалпы есепте жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

27 февраля 2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің қатысуымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша брифинг өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің қатысуымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, туризм, шағын және орта бизнес, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жол жөндеу және интернет байланысын дамыту салаларындағы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер таныстырылды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған инвестициялық жобалар, әлеуметтік бастамалар және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары баяндалды.

 
 
Мәдениет
11 февраля 2026
ҚАРҚАРАЛЫДА ШАҢҒЫДАН V АШЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Демалыс күні Қарқаралы қаласындағы шаңғы базасында шаңғымен жүгіруден V ашық Қарқаралы марафоны өтті. Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, жастарды спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Осы мақсатта ұйымдастырылған дәстүрлі марафон табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары Қарқаралы қаласында жоғары деңгейде өтті. Ашық марафонға Астана, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды қалаларынан және аудан өңірлерінен 50-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қашықтықтары келесідей болды: – оқушы қыздар – 5 шақырым; – оқушы ұлдар – 10 шақырым; – ересек әйелдер – 15 шақырым; – ерлер – 30 шақырым. Марафонның жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, V ашық марафонға арнайы эскизбен жасалған медальдар табысталды. Медаль дайындауға демеушілік көрсеткен жергілікті кәсіпкерлер – өңір спортына тұрақты қолдау білдіріп жүрген азаматтар Айдос Жазитұлына, Жақсылық Қайырбекұлына, Жарылқасын Несіпханұлына ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, аталған марафонды ұйымдастыруға бастамашы болып, жыл сайын өткізілуіне тікелей атсалысып келе жатқан белгілі спортшы, марафоншы Думан Бейсенаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Жеңімпаздарға сүт және тағам өнімдерімен демеушілік көрсеткен отандық «NATIGE» сүт фабрикасының басшылығына да алғысымызды білдіреміз. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы жасалған медальдармен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Іс-шараға қала тұрғындары мен спортшылар отбасыларымен келіп, қатысушыларға қолдау көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, марафон жоғары көңіл-күйде өтіп, көрермендер мен спортшыларға мерекелік әсер сыйлады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы