
Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан: «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту маңызды басымдық болып табылады».
2021 жылы жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу үшін 5 жиналыс өткізілді: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру; жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізу; 2021-2023 жылдарға, 2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің жобаларын келісу және бекіту; 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту Бағдарламасын іске асыру; 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын қарау және бекіту;үй-жай иелерінің бірлестігін,жай серіктестікті құру және ауылдық округтегі ағымдағы жағдай туралы мәселелерді қарау. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарында қаралған мәселелер шеңбері әр түрлі және ауылдық округтің тіршілік әрекетінің барлық бағыттарын қозғайды.