
Спорт саласы бойынша Тегісшілдік ауылында «Тоқтар» спорттық кешенінде мектеп оқушылары мен ауыл жастары қазақ күресі және дзюдо күресімен шұғылдануда. Спорт кешенінің іргетасы 2012 жылы қаланған. Жаттықтырушы–Мухтаров Қанат Маратович бүгінгі таңда 3 спорт шеберін, 20 дан астам спорт шеберлігіне үміткер палуандарды жаттықтырған. Спорттық кешенде бапкерлерініен күрес тәсілдерінің қыр–сырын меңгерген палуандар Халықаралық, Республикалық, Облыстық және аудандық жарыстарда топ жарған. Кейінгі ұрпақ ағаларының жолын қуып, палуан болуды мақсатқа қойған. Спорт кешенінде 15 мектеп оқушысы Қанат мырзадан тәлім–тәрбие алуда. Ауыл орталығына биылғы жылы келеген спорт нұсқаушысы жас маман Еркен Дархан Манарбекұлы да ауыл жастарын және мектеп оқушыларын спортқа баулып, әр–түрлі спорттық және ұлттық спорт шараларын ұйымдастыруда.