
Тегісшілдік ауылындағы дәрігерлік амбулатория 1986 жылы салынған. Мекемеде 7 медбике, 1 дәрігер, 4 кіші қамту қызметкерлері жұмыс жасауда. Бас дәрігер Бакыт Саябек Амангелдіұлы. Ағымдағы жылы Жарлы ауылына «Ауыл- ел Бесігі» бағдарламасы аясында медициналық пункт салу жоспарда бар.