
Тегісшілдік ауылдық округі бойынша жалпы білім беретін №6 орта мектебі тіркелген. «Тегісшілдік ауылының №6 ЖББ мектебі» КММ ғимараты - 1977 жылы салынған, 108 – оқушы білім алуда, 30 – мұғалім және 24 - кіші қамту қызметкерлері қызмет атқаруда. Жарлы ауылынан 18 - оқушы және 4 - мұғалім автобус көлігімен тасымалданып қатынауда. «Тегісшілдік ауылының №6 ЖББ мектебі» - директоры Сапаров Біржан Сағынбайұлы. №6 ЖББ мектеп КММ жанынан ашылған «Күншуақ» шағын орталығында 30 бала тәрбиеленуде.