GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәдениет және тілдерді дамыту
20 октября 2026
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

 

 

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

 

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС салған жаңа екі қабатты кешенде спорт залы, әкімшілік бөлме және душ кабиналары қарастырылған. Нысан ауыл тұрғындары мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Мәдениет және тілдерді дамыту
13 октября 2026
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

 

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

 

Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.

Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.

Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.

Ауыл шаруашылығы
02 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

29 сентября 2026
МӘДИНА ЕРЖАН – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

 

МӘДИНА ЕРЖАН – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

18–20 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында самбодан Әлем кубогі өтті.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының спортшысы Мәдина Ержан 80 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшымыз бен жаттықтырушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Мәдениет және тілдерді дамыту
28 июля 2026
Қарқаралы өңірінде дәстүрлі Bugyly Trail 2026 марафоны өтті

 

Қарқаралы өңірінде дәстүрлі Bugyly Trail 2026 марафоны өтіп, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушыларды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ринат Тілеубек құттықтап, сәттілік тіледі.

Табиғаты көркем аймақта өткен марафон салауатты өмір салтын насихаттап, Қарқаралының туристік әлеуетін танытуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың біріне айналды.

Биылғы жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Канада, Германия және Қырғызстаннан келген 400-ден астам спортшы қатысты.

Қатысушылар 1 км балалар жарысы, 5 км, 10 км Shaitankol Trail, 21 км Bugyly Forest Trail және 50 км Bugyly Ultra Trail бағыттары бойынша бақ сынады. Ең ұзын 50 шақырымдық қашықтық Бугылы жотасының көрікті жерлерін қамтып, биіктік айырмасы шамамен 1000 метр болатын күрделі бағыт ретінде ерекшеленді.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту
30 июня 2026
МАДИНА – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

 

Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында жерлесіміз Ержан Мадина барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

Дүбірлі додаға 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысты.

80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мадина жоғары шеберлігі мен ұтымды тактикасының арқасында барлық белдесуін сәтті өткізіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша ол самбодан үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Жерлесіміз Ержан Мадинаны айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы биік, жеңістері мол болсын!

 

 

 

 

Мәдениет және тілдерді дамыту
30 июня 2026
МЕЙІРХАН АДАМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Қазақ мәдениеті мен өнерінің ту тіккен ордасы – киелі Қарқаралыда қасиетті жеріміздің парасатты перзенті, саф алтынның сынығы, өнердің өрен жүйрігі, Арқаның қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді.Байқаудың мақсаты – Мейірхан Адамбековтің шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, елін, жерін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу.Байқауға халық әндері мен халық композиторлары Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Жүсіпбек Елебеков, сондай-ақ Абай әндерін ұлттық нақышпен орындауға қабілетті 16-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

Жүлде қоры:

Бас жүлде – 1 000 000 теңге;

І орын – 500 000 теңге;

ІІ орын – 300 000 теңге;

ІІІ орын – 200 000 теңге;

Дипломант – 100 000 теңге.

Өтетін орны: Қарқаралы қаласы, Ш. Жандарбекова атындағы мәдениет үйі.

Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде.

Басталу уақыты: сағат 10:00.

Дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, өнер атты алып мұхитқа өз ән-ағысын қосып, «Мейірханның ән мектебін» қалыптастырған, талай ұрпаққа үлгі-өнеге болған ел ардақтысының туған күні – 1 шілдеде Қарқаралыда жүздесейік!

 

Қосымша ақпарат:

Тел.: 8 778 720 63 13

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет және тілдерді дамыту
12 мая 2026
ОБЛЫСТЫҚ VI АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

x

Қарқаралы қаласында ауыл жасөспірімдерінің облыстық VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Дүбірлі додаға Қарағанды облысының аудандарынан 500-ге жуық жас спортшы қатысуда.

Спартакиада аясында спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, сайыстар 12-13 мамыр күндері өтеді.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары мен облыстық спорт басқармасының басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ардагер спортшы Дүйсентай ата ақ батасын берді.

Шара барысында аудан спортының дамуына үлес қосқан ардагер жаттықтырушылар Бүркіт Бейсенаев пен Тұрсын Жұмағұлов «Спортқа еңбек сіңіргені үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Спартакиада концерттік бағдарламамен жалғасып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мәдениет және тілдерді дамыту
28 апреля 2026
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы

 

 

Қарқаралы қаласының Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет орталығында «БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті.

Шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру.

Форумға 4 жоғары оқу орны мен 4 колледж қатысты. Атап айтқанда:

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, сондай-ақ Қарқаралы қаласының М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі және Қарағанды теміржол колледжі.

Форумға ауданның білім беру ұйымдарынан 9–11 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

13 апреля 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ!

 

 

Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды.

Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл акцияның мән-маңызына ерекше тоқталып, жерлестерді «Таза Қазақстан» акциясын бірлесе ұйымшылдықпен қолдауға шақырды және алдағы уақытта қала ішіне жасыл көшеттерді егу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Дене шынықтыру жаттығуларымен бой сергітіп алған қарқаралылықтар жұмысқа құлшына кірісіп, ұйымшылдықпен атқарып өтті.

Қала басындағы мекемелер мен ұйымдар, депутаттар мен қоғамдастық өкілдері, ардагерлер мен ерікті жастар, жас отбасылар бірлесіп, іске асқан бірегей шара «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға бағытталып, биыл 80 жасқа толатын Тоқтар Оңғарбайұлына деген игі тілекпен іске асты.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы