Әкімнің ІV тоқсандағы есептік кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің  2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаманның халық алдындағы есеп беру жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

     Теректі ауылы                                                                05 қазан  2023 жыл.

Өткізілген орыны                                                          №30 орта мектеп

Уақыты                                                                           сағат: 10.00

Қатысқандар:   28   адам

Жиынға: Шарықты ауылдық округі әкімі Е.Жаман, шаруа қожалық басшылары, зейнеткерлер,мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

                                        Күн тәртібінде:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 маусым №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Шарықты ауылдық округі әкімі  Е.Жаманның халық алдындағы 2023 жыл  IV - тоқсан бойынша есебі.

          Жиын барысы:

Аудан әкімі белгіленген тәртіппен жиынды ашып, бастады. Шарықты ауылдық округі әкімі Е.Жаманның  ауылдық округі бойынша 2023 жыл IV тоқсан бойынша есебі.

Талқылау кезеңі:

  Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында ауыл тұрғыны сөз сөйледі.

1.Толеубаев Суйгенбай Алиевич

  1. Аудандық бюджетке түсетін салықтың көп мөлшерін ауылымыздағы «Алтайполиметаллы» ЖШС –нен түседі, бірақ біздің Теректі-Егіндібұлақ бағытындағы тас жолы бүгінгі күні күрделі жөндеуді қажет етуде. Басқа ауылдармен салыстырғанда бізде 4 елді мекенде тұрақты тұрып жатқан халық, кен орнының жұмыскерлері бар, жол қатынасы өте төмен жағдайда, соған байланысты сіздерден осы жолымызға күрделі жөндеу жұмыстары жасалынып, асфальт төселуін сұраймыз.

 

       Есепті кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі  тарапынан жауап берілді. Аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.

 

 

                  Жиын хатшысы                   А.Ж. Ракишева

Әкімнің ІV тоқсандағы есептік кездесуі
Дата публикации
18 марта 2024