Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаманның халық алдындағы есеп беру жиынының
ХАТТАМАСЫ
Айыр ауылы 28 қыркүйек 2023 жыл
Өткізілген орны № 57 негізгі мектебі
Уақыты сағат 10.00
Қатысқандар: 23 адам
Жиынға: Аудан әкімі Е.Б.Құсайын, аудан әкімінің орынбасары , мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.К.Искакова, аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Х.Таласбаев, Қазыбек би кенттік полиция полковнигі Н.Е.Смагулов және жергілікті қауымдастық мүшелері, учаскелік полиция инспекторы Э.Ж.Абдуллин, бюджеттік мекеме қызметкерлері, шаруа қожалық басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 маусым №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаманның халық алдындағы 2023 жыл ІІІ тоқсан бойынша есебі.
Жиын барысы:
Аудан әкімі белгіленген тәртіппен жиынды ашып, бастады. Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаман ауылдық округі бойынша 2023 жыл ІІІ тоқсан бойынша есебі.
Талқылау кезеңі:
Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында ауыл тұрғыны сөз сөйледі.
Айыр елді мекенінің электр жарығы жел болса өшіп қалады сондықтан Теректі – Айыр - Қызылшілік аралығында тартылған бағаналар қисайып құлайын деп тұр, сымдары созылған. Осыған байланысты жөндеу жұмысын жүргізіп берсе және қазырғы уақыт талабына сай ұялы телефон, интернет қосылуына көмек болса.
Айыр, Қызылшілік елді мекенінде орналасқан шаруа қожалықтары мен мемлекетке қарайтын жайылымдық жерді анықтап берсе. Себебі ауыл тұрғындары мал жаятын жерін толық білмегендіктен шаруа қожалықтарының жеріне кіріп кетіп реніш туып жатады.
Айыр елді мекеніндегі орналасқан ауыз су алатын, су ұңғымасынан (скважина) шығатын су, арасында сарғайып кетеді. Алдағы уақытта бізге таза ауыз су бағдарламасы арқылы ауыз су мәселесін шешіп берсеңіздер.
Есептік кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі және аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тарапынан жауап берілді. Аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.
Жиын хатшысы А.Ж. Ракишева
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаманның халық алдындағы есеп беру жиынының
ХАТТАМАСЫ
Қызылшілік ауылы 28 қыркүйек 2023 жыл
Өткізілген орны № 41 негізгі мектебі
Уақыты сағат 09.00
Қатысқандар: 26 адам
Жиынға: Аудан әкімі Е.Б.Құсайын, аудан әкімінің орынбасары Т.Ж.Көпжасаров, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.К.Искакова, аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Х.Таласбаев, Қазыбек би кенттік полиция полковнигі Н.Е.Смагулов және жергілікті қауымдастық мүшелері, учаскелік полиция инспекторы Э.Ж.Абдуллин, бюджеттік мекеме қызметкерлері, шаруа қожалық басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 маусым №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаманның халық алдындағы 2023 жыл ІІІ тоқсан бойынша есебі.
Жиын барысы:
Аудан әкімі белгіленген тәртіппен жиынды ашып, бастады. Шарықты ауылдық округінің әкімі Е.Жаман ауылдық округі бойынша 2023 жыл ІІІ тоқсан бойынша есебі.
Талқылау кезеңі:
Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында ауыл тұрғыны сөз сөйледі.
Қызылшілік елді мекенінің электр жарығы жел болса өшіп қалады сондықтан Теректі - Қызылшілік аралығында тартылған бағаналар мен сымдарға жөндеу жұмысын жүргізіп берсе және балаларымыз сыртта оқу оқып жұмыс жасайды, сырттай оқитын студент балаларымызға интернет қажет болғандықтан ұялы телефон, интернет қосылуына көмек болса.
Өзім жалғыз басты зейнеткер анамын, қыс мезгілі келіп қалғандықтан әкімшілік тарапынан 3-4 т көмірден көмек жасасаңыздар.
Есептік кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі және аудан әкімі, аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тарапынан жауап берілді. Аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.
Жиын хатшысы А.Ж. Ракишева