Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Т.Ногербековтің халық алдындағы есеп беру жиынының
ХАТТАМАСЫ
Теректі ауылы 02 маусым 2023 жыл
Өткізілген орыны № 30 Теректі орта мектебі
Уақыты сағат 09.00
Қатысқандар: 38 адам
Жиынға: аудан әкімі Е.Б.Құсайын, аудандық маслихаттың төрағасы С.К. Оспанов, аудан әкімінің орынбасары Т.Ж.Көпжасаров, облыстық масихаттың депутаты А.Б.Жұмағұлов, аудандық маслихаттың депутаты А.А.Жұмашов, аудандық аурухана бас дәрігері Д.К. Ситпанов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің м.а. К.Е.Тілеуханова, аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Х. Таласбаев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Т.З. Омаров және жергілікті қауымдастық мүшелері, учаскелік полиция инспекторы О.Н. Елеукешов, «Алтайполиметталы» ЖШС бас директоры И.А.Есенбаев, бюджеттік мекеме қызметкерлері, шаруа қожалық басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 маусым №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Т. Ногербековтың халық алдындағы 2023 жыл 2 тоқсан бойынша есебі.
Жиын барысы:
Аудан әкімі белгіленген тәртіппен жиынды ашып, бастады. Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Т. Ногербеков ауылдық округі бойынша 2023 жыл 2 тоқсан бойынша есебі.
Талқылау кезеңі:
Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында ауыл тұрғыны сөз сөйледі.
Теректі ауылына клуб үйі, кітапхана қажет екенін және «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі еңбек ақының кеш берілет болса, ертерек жұмысшыларға хабарлап отыруына ауызша өтінім жасады.
Өзінің тұрғын үйінің жанында өсіп тұрған ағаштың электр желісіне қауып туғызып тұрғанын айта келе, кесіп беруін өтінді.
Есепті кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі және аудан әкімі, «Алтайполиметаллы» ЖШС басшысы тарапынан жауап берілді. Аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.
Жиын хатшысы А.Ж. Ракишева