Әкімнің І тоқсандағы есептік кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің  2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Т.Ногербековтің халық алдындағы есеп беру жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Теректі ауылы                                                                    03 наурыз  2023 жыл.

Өткізілген орыны                                                            №30 орта мектеп

Уақыты                                                                            сағат: 9.00

 

Қатысқандар:   35   адам

Жиынға: аудан әкімі Е.Б. Құсайын, аудан әкімінің орынбасары Д.С. Жиенбаев, аудандық  білім бөлімінің басшысы А.С. Елеусизов, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің  басшысы М.З.Шаханов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ж.К. Жумабеков және жергілікті қауымдастық мүшелері,  учаскелік полиция инспекторы О.Н. Елеукешов, Э.Ж. Абдуллин бюджеттік мекеме қызметкерлері, мекеме басшылары, шаруа қожалық басшылары, зейнеткерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

                                        Күн тәртібінде:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 маусым №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Т. Ногербековтың халық алдындағы 2023 жыл 1 тоқсан бойынша есебі.

          Жиын барысы:

Аудан әкімі белгіленген тәртіппен жиынды ашып, бастады. Шарықты ауылдық округінің әкімі А.Т. Ногербеков ауылдық округі бойынша 2023 жыл 1 тоқсан бойынша есебі.

Талқылау кезеңі:

  Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында ауыл тұрғыны сөз сөйледі.

1.Толеубаев Суйгенбай Алиевич

  1. Мектептің былтырғы жылы басталған жөндеу жұмыстары биылғы жылы толық аяқталуын және жылу қазандығын сыртқа бөлек шығарылуын сұрады .

Шешілу жолы: биылғы жылы толық аяқталады.

  1. Ауылымыздағы дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем машинасы қажет.

Шешілу жолы: Нақты болады деп айтпаймын, жұмыс жасаймыз.

  1. Нескенов Айдарат Женисович

« Мирас» шаруа қожалығының басшысымын,  асыл тұқымды мал алайын дегем, соған жер көлемі аз болғандықтан несие берілмей отыр, 2 жыл  болды жер сұрап өтініш бергенімен, соған көмек жасауды өтінді.

Шешу жолы: Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырылды.

  1. Қадырқызы Нургул

«Алтайполиметаллы» ЖШС-не қарасты Әкімшілік тұрмыстық кешеніндегі моншаның жұмыс жасау кестесін оқушылар мен ауыл тұрғындарына ыңғайлы уақытта қойылуын сұрады.

Шешілу жолы: қазіргі уақытта басшылары ауысып жатқандықтан, моншаның режимін қарау мүмкін емес.

  1. Қабдығалиев Аділбек

           Теректі ауылындағы «Қазыбек би» көшесіндегі көше жарығы уақытымен     

           үнемі жанып тұруын сұрады.

  1. Габдуллина Мейрамгул

           «Қазыбек би» көшесінің 2 көшесіне көше жарығы орнатылмаған,     

           сондықтан сол көшелерге көше жарығы қажет.

           Шешілу жолы: ауыл әкімі өтінім берсін.

 

       Есепті кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі және аудан әкімі тарапынан жауап берілді. Аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.

 

 

                  Жиын хатшысы                   А.Ж. Ракишева

 

           

 

 

Әкімнің І тоқсандағы есептік кездесуі
Дата публикации
15 марта 2024