2024-2026 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің азаматтық бюджеті

       

         Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев  ауылдық округінің  2024 ─ 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Мартбек Мамыраев  ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

 

      Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев  ауылдық округінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев  ауылдық ауылының 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.

«Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023  жылғы 27 желтоқсандағы  № VIII-16/127 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімімен бекітілген.

 

2024-2026 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің азаматтық бюджеті
Дата публикации
29 января 2024