GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2026
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.

Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.

Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.

15 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

11 сентября 2026
ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі С.Мусиннің төрағалығымен Қарқаралы қаласының бас жоспарына түзетулер енгізу жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Жиында ұсынылып отырған өзгерістер қаралып, бұған дейін айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілу барысы және алдағы құрылыс нысандарын бас жоспарға уақтылы енгізу мәселелері талқыланды.

Жауапты сала мамандары өз ұсыныстарын білдіріп, жобаға қатысты түсіндірмелер берді. Аудан басшылығы жоспарланған нысандарды өзара үйлестіру, жұмыстарды нақтылау және тиісті мәселелерді ескеру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Бас жоспарды жетілдіру барысында тұрғындардың мүддесін ескеру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау және аумақты тиімді дамыту басты назарда болуы тиіс. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеліп, жұмыстарды одан әрі жалғастыру тапсырылды.

13 августа 2026
«АЛТЫН ДОМБЫРА» – ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ӨНЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

«АЛТЫН ДОМБЫРА» – ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ӨНЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Абай күніне орай Тегісшілдік ауылдық округінде VIII аудандық «Алтын домбыра» дәстүрлі әндер байқауы өтті.
Байқауға ауданның әр ауылдық округінен өнерпаздар қатысып, ұлттық ән өнерін кеңінен насихаттады.
18 жасқа дейінгі қатысушылар арасында І орынды Қарқаралы қаласының жас өнерпазы Төлеуғали Инабат иеленді.
ІІ орындарға Сабыржан Аружан мен Атымтай Жансұлтан лайық деп танылды.
18 жастан жоғары қатысушылар арасында І орынды Әмірбек Аружан жеңіп алды.
ІІ орын Омаров Расулға, ІІІ орын Таңатов Исламға берілді.
Нұрғанбек және Нұрғиса өнерпаздары «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
Байқаудың ерекшелігі – жеңімпаздың елді мекені келесі жылғы сайысты өткізу құрметіне ие болады.
Осылайша, IX аудандық «Алтын домбыра» байқауы келесі жылы Қарқаралы қаласында өтетін болды.
«Алтын домбыра» – дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, жас таланттарға үлкен сахнаға жол ашатын маңызды мәдени жоба.

27 июля 2026
Қарқаралыда Bugyly Trail 2026 марафоны өтті.

Қарқаралыда Bugyly Trail 2026 марафоны өтті.

Қарқаралы өңірінде дәстүрлі Bugyly Trail 2026 марафоны өтіп, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушыларды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ринат Тілеубек құттықтап, сәттілік тіледі.

Табиғаты көркем аймақта өткен марафон салауатты өмір салтын насихаттап, Қарқаралының туристік әлеуетін танытуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың біріне айналды.

Биылғы жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Канада, Германия және Қырғызстаннан келген 400-ден астам спортшы қатысты.

Қатысушылар 1 км балалар жарысы, 5 км, 10 км Shaitankol Trail, 21 км Bugyly Forest Trail және 50 км Bugyly Ultra Trail бағыттары бойынша бақ сынады. Ең ұзын 50 шақырымдық қашықтық Бугылы жотасының көрікті жерлерін қамтып, биіктік айырмасы шамамен 1000 метр болатын күрделі бағыт ретінде ерекшеленді.

24 июля 2026
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз.

Құрметті ағайын!

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз.

Өтетін күні: 2026 жылғы 1 тамыз
Өтетін орны: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «ҚАРҚАРАЛЫ GO» этно-лагері.

Бағдарламада облыстық өнер ұжымдарының концерті, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ат бәйгелері және мерекелік кеш өтеді.

Спорттық жарыстар (09:00):

* Қазақ күресі (74 кг және +74 кг);
* Қол күресі (70 кг және +70 кг);
* Садақ ату (ерлер мен әйелдер).

Ат жарыстары (15:00): «Жаңанегіз» ауылы атшабарында Құнан, Топ және Аламан бәйге.

Жеңімпаздарға автокөлік пен қомақты ақшалай жүлделер тағайындалған.

Мерекелік кеште Әділет Жауғашар және өзге де эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Баршаңызды ел мақтанышы Тоқтар Әубәкіровтің мерейтойын бірге атап өтуге шақырамыз!

20 июля 2026
САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті.

Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі.

Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!

26 мая 2026
“BAIQYMYZ” аймақаралық гастрономиялық фестивалі

“BAIQYMYZ” аймақаралық гастрономиялық фестивалі

Қарқаралыда өтетін “BaiQymyz” гастрофестивалі — қазақ даласының дәстүрін, ұлттық дәмін және мәдениетін тоғыстыратын ерекше шара.
Фестиваль барысында шеберлер жылқы тақырыбына арналған туындыларын ұсынады. Бұл — дала мәдениетінің, еркіндік пен тектіліктің символы.
Сондай-ақ көрмеде көшпелі халықтардың тарихы, салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктері өнер және қолөнер арқылы насихатталады.
Мереке аясында өнер ұжымдарының қатысуымен қазақтың дәстүрлі және эстрадалық әндері орындалады.
Баршаңызды ұлттық рухты дәріптейтін мазмұнды мерекеге шақырамыз!

12 мая 2026
ОБЛЫСТЫҚ VI АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ VI АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Қарқаралы қаласында ауыл жасөспірімдерінің облыстық VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Дүбірлі додаға Қарағанды облысының аудандарынан 500-ге жуық жас спортшы қатысуда.
Спартакиада аясында спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, сайыстар 12-13 мамыр күндері өтеді.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары мен облыстық спорт басқармасының басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ардагер спортшы Дүйсентай ата ақ батасын берді.
Шара барысында аудан спортының дамуына үлес қосқан ардагер жаттықтырушылар Бүркіт Бейсенаев пен Тұрсын Жұмағұлов «Спортқа еңбек сіңіргені үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Спартакиада концерттік бағдарламамен жалғасып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

05 мая 2026
Қырғыз ауылдық округінде «Халық бірлігі-өркендеудің кепілі»мерекелік концерт өтті.

Қырғыз ауылдық округінде  «Халық бірлігі-өркендеудің кепілі»мерекелік концерт өтті.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Бүркітті ауылының мәдениет үйінде салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Ұйымдастырушылар №20 жалпы білім беретін мектептің ұжымы, мәдениет үйі мен кітапхана басшысы болды. Кештің басты мақсаты халқымыздың бейбітшілік, келісім және бірлік құндылықтарын дәріптеу болды.

 Мектеп оқушылары түрлі этностардың ұлттық киімдерінде өнер көрсетіп, жарқын нөмірлер дайындады.

Сахнадан шынайы әндер шырқалды және халық билері орындалды, бұл көрермендер үшін нағыз мереке атмосферасын қалыптастырды.

Жас орындаушылардың таланттары барлық қатысушыларға керемет көңіл-күй мен позитивтілік сыйлады.

Еліміздің бірлігі мен әл-ауқатын дәріптейтін бұл кеш іс-шараның барлық қатысушылары мен қонақтарына ерекше әсер қалдырды.

Мереке біздің ортақ үйіміз-Қазақстанның негізі болып табылатын достық пен келісімнің маңыздылығын тағы да еске салды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы