Кадровое обеспечение

 

6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді; 2) тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; 3) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында жоғарылату, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 4) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) ;

Дата публикации
01 февраля 2024